10:30, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Жапонияда «доңыз тұмауын» жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асты
ТОКИО. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Жапонияда «доңыз тұмауын» жұқтырғандардың саны 2 мың адамнан асты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Пандемия Жапониядағы 47 префектураның 46-сына тарап отыр. Бүгінде індет тимеген префектура тек Ямагата ғана. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маусымның 11-інде пандемия қаупінің ең жоғарғы, алтыншы деңгейі енгізілгені туралы ресми жария еткен болатын. Бұл соңғы 40 жылдан бері алғаш рет жарияланған пандемия қаупі.
Шілденің 6-сындағы мәліметтер бойынша, індетті жұқтырудың 94 мың 512 оқиғасы тіркелген. Оған қоса, қатерлі вирустан 429 адам көз жұмған.