Жапонияда екі айлық нәрестенің жүрегіне жасалған ота сәтті аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Симанэ мемлекеттік университетінің дәрігерлері екі айлық баланың жүрегіне бірегей ота жасады. Ол туа біткен ақаудан зардап шеккен - оның басты өкпе артериясы оң жақ емес, сол жақ асқазанымен бітісіп кеткен, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Жаратылысынан болған мұндай қателікті медицина қызметкерлері жөнге келтірді.
Ота жасау кезінде сәбидің салмағы небәрі 1700 грамм болған. Бұл Жапония тарихындағы жүрегіне ота жасалған ең кішкентай пациент болған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жүрегі көлемі бойынша үстел теннисі добынан да кішкентай болыпты. Сондықтан да ота жасау үшін арнайы өңделген, ерекше нақты хирургиялық әдістер қолданылған.
Ота 3 наурызда жасалған, алайда ол туралы бүгін науқастың толықтай айыққаны белгілі болғанда ғана хабарланып отыр.