Жапонияда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған снаряд залалсыздандырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Жапонияның Осако қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары американдық әскери әуе күштері тастаған деп шамаланатын снаряд залалсыздандырылды, деп хабарлайды ТАСС.

Жапонияда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған снаряд залалсыздандырылды

Ұзындығы 1,8 метрге жететін снаряд наурыз айында қаланың аудандарының бірінен табылған еді. 9 мамыр күні таңертең саперлер авиациялық бомбаны залалсыздандыру үшін жақын маңдағы аудандардан 2 мыңнан астам тұрғындарды қауіпсіз жерлерге шығарды. Бұл істі жүзеге асыру үшін радиусы шамамен 300 метрге жететін аумақ қоршауға алынып, таяу маңдағы тармақтардағы пойыздардың қозғалысы шектелді. Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ авиациясының жойқын соққысын бастан кешірген Жапонияда әлі күнге дейін сол сұрапыл кезінде тасталған, әлі күнге дейін жарылмаған снарядтар табылуда.