Жапонияда ең кәрі піл өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токионың хайуанаттар бағында Жапониядағы ең кәрі піл өлді. Аты «гүл баласы» деп аударылатын Ханако пілдің жасы 69-да болды.

Жапонияда ең кәрі піл өлді

Пілді Жапонияға ол небәрі екі жаста болғанда сыйлады. Ханако еркіндікте туылғанымен, өмір бойы тек бетон қоршауының ішінде тіршілік еткен. Ол Токио хайуанаттар бағындағы жалғыз піл еді.