Жапонияда «Фукусима» АЭС-ның маңында магнитудасы 7,3 болған жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі жарияланды

БЕЙЖІҢ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тынық мұхитында, Жапонияның шығыс жағалауынан 300 шақырым жерде 7,3 балдық жер сілкінісі болды.
None
None

Бірінші жерасты дүмпуі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17:18-де болды, одан кейін 20 минуттан соң 6,2 балдық екіншісі орын алды.

Жапонияның метеорологиялық қызметі биіктігі бір метрлік цунамидің пайда болу қаупі туралы жариялады.

Қаза тапқандар мен қиратулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Жапония қалаларында үрей байқалмауда. Жер сілкінісі сондай-ақ Токио қаласында да сезілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Фукусима-1» АЭС-да 2011 жылдың наурыз айында болған апат магнитудасы 9,0 жер сілкінісі және одан кейін болған биіктігі бір метрлік цунамидің салдарынан орын алды.

Соңғы жаңалықтар