Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының алауы жағылды
НАГОЯ. KAZINFORM — Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өз мәресіне жетіп, Азияда алауы ресми тұтанды.
Екі сағатқа жуық жалғасқан негізгі қойылымнан кейін, шара стадионда Жапония Олимпиада чемпиондарының алау эстафетасымен жалғасты.
Соңында, Афина Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін Азия ойындары және әлем чемпионы Мурофуси Кодзи өз әкесі, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Мурофуси Сигэнобумен бірге бас алауды жақты.
Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).
Айта кетерлігі, 1958 жылғы Токиодағы Азия ойындары мен 1994 жылғы Хиросимадағы Азия ойындарынан кейін Жапония осымен үшінші рет жазғы Азия ойындарын өткізіп отыр.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қатысып келеді. 1994-2022 жыл аралығында ел спортшылары 8жазғы Азиадада өнер көрсетіп, барлығы 637 медаль (165 алтын, 180 күміс және 292 қола) иеленді.
Нагоядағы байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы бақ сынайды.