Жапонияда қалың қардан 1200-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда екінші күн қатарынан толассыз қар жауып тұр. Бүгін жауған қардың салдарынан қайтыс болғандар саны 13-ке жетті, деп хабарлайды Утро.ру.

Жапонияда қалың қардан 1200-ден астам адам зардап шекті

Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер туралы ақпарат 30 префектурадан жиналды. Бұған дейін қайтыс болғандар саны 3, ал зардап шеккендер 850 адам деп хабарланған болатын. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 13 адамға, ал түрлі жарақат алғандар саны 1230 адамға жетті.

Зардеп шеккендердің басым бөлігін көктайғақта құлап, мертігіп қалғандар құрап отыр. Ел астанасы Токиоға жауған қардың қалыңдығы 27 сантиметрге жетті. Мұндай қалың қар аталмыш елде 45 жыл бұрын жауған болатын.