Жапонияда қасиетті Фудзи тауына шығу маусымы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүздеген түрлі ұлт өкілдері жапондықтардың қасиетті Фудзи тауында күннің шығуын қарсы алды.
1 шілдеде мұнда тауға шығу маусымы ресми басталды.
Күн бұлтты болды, алайда кенеттен аспан ашылып сала берді. Тауға шыққандардың санын анықтау әзірге қиын. Ұйқыдағы жанартаудың 3776 метр биіктіктегі жоғары нүктесіне 3 жолмен көтерілуге болады. Төртіншісінде әлі қар жатыр, бұл трасса кейінірек ашылмақ.
1 шілдеден бастап жаңашылдық енгізілді. Қасиетті тауға шығамын деушілер «өз еркімен» 1 мың иен (10 доллар) тапсыруы тиіс. Оның есесіне саяхатшы Фудзи тауына шыққандығын растайтын белгіге ие болады.
Жыл сайын Фудзи тауына 400 мыңға жуық адам көтеріледі. Биыл оның саны артады деп күтілуде. Өйткені 2013 жылы Фудзи ЮНЕСКО-ның әлемдік құндылықтар тізіміне енген еді.
Фудзи - ұйқыдағы, алайда сөнбеген жанартау. Оның соңғы атқылауы 1708 жылы оры н алған болатын.