Жапонияда қатты нөсер салдарынан жүз мыңдаған адам эвакуацияланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кюсю аралындағы қатты нөсерге байланысты Нагасаки қаласы мен Жапонияның оңтүстік-батысындағы басқа да елді мекендердің жүз мыңдаған тұрғыны су тасқыны мен көшкін қаупінен эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.
None
None

Билік Кюсю аралының кейбір орталық бөліктерінде ең қауіпті бесінші деңгейдегі эвакуациялау туралы бұйрық шығарып, тұрғындарды өз өмірлерін қорғау бойынша шұғыл шараларға жүгінуге шақырды.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Нагоми қаласында өзен арнасынан асқан. Билік 3 839 үй шаруашылығын эвакуациялануға шақырды.

Қазіргі кезде толассыз жауған нөсер жаңбыр Кюсю аралының батысына қарай жылжып барады.


Соңғы жаңалықтар