Жапонияда қаза тапқандар мен іс-түзсіз жоғалғандар саны 15 мың адамнан асады

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік-шығысында болған жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 15 мың адамнан асады.

Жапонияда қаза тапқандар мен іс-түзсіз жоғалғандар саны 15 мың адамнан асады

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлаған.

Полиция мәліметтеріне сүйенсек, опат болғандардың саны 5 мың 426 адамды құрайды. Ал 9 мың 594 адамнан хабар-ошар жоқ.