Жапонияда қаза тапқандардың саны 10,5 мың адамға жетті
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Жапониядағы апатты зілзала мен цунамидің салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 27 110 адамды құрады.
Бүгін елдің Бас полицейлік басқармасы осындай нақты деректер келтірді, хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Олардың соңғы дерегі бойынша, сұрапыл апат 10 489 адамның өмірін қиған. 2 777 адам жарақат алса, тағы 16 489-ы із-түссіз жоғалып кеткен. Хонсю аралының бірқатар аудандарында 19 мың ғимараттың тас-талқаны шықты, 200-ге жуық иеліктегі үйлер толығымен жанып кеткен. 2 мыңнан астам жол төсемдерінің телімдері қатты зақымданды.