Жапонияда кеме китке соғылып, 80-нен астам жолаушы жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон теңізінде жүзіп бара жатқан паромдағы 80-нен астам адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, жоалушылар кемесі китпен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodonews агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияда кеме китке соғылып, 80-нен астам жолаушы жарақат алды

Жапония жағалау күзеті мен жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбі күні Жапон теңізіндегі Садо аралының маңында паромның су астындағы қалақтары теңіз жануарымен соқтығысқан, сөйтіп 80-нен астам адам жарақат алды. Кеменің артқы бөлігінде 15-сантиметрлік жарықшақ пайда болып, су асты қалақтарына зақым келген.

Кеме операторының сөзінше, төрт адам ауыр жарақат алды. 12:15-те болған апатқа қарамастан кеме діттеген жеріне, яғни Садо аралына жетіп жығылған.

Кемеде 121 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі болған. Ол Ниигата айлағынан сағат 11:30-да шыққан болатын.