Жапонияда көпірлер мен туннельдердің аттары жазылған тақталар ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 мыңнан астам көпір мен туннельдердің аттары мен негіздері қаланған уақыты жазылған металл тақталар бүкіл Жапония бойынша ұрланған.

Жапонияда көпірлер мен туннельдердің аттары жазылған тақталар ұрланды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мемлекеттік мүлікке келген залал 900 мың долларды құрайды.

Вандализмнің бірінші жағдайы осы жылдың сәуірінде тіркелді. Симанэ префектурасының құқық қорғау органдары бірнеше көпірден металл тақталардың жоғалып кеткенін байқаған. Соған байланысты бүкіл ел бойынша тексеру жүргізіліп, оның барысында Жапонияның сегіз префектурасында 2006 көрсетуші белгінің ғайып болғаны анықталды.

Тақталардың жартысы мыстан жасалған, сол себепті жаппай вандализмнің орын алуының бір себебі - оны қайта балқыту немесе сату мақсатымен ұрлау.