Жапонияда коронавирусқа шалдыққандар саны үшінші күн рекордтық деңгейде

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбіде коронавирустың ауыр белгілері бар науқастардың саны 1,563-ге жетіп, алдыңғы күнмен салыстырғанда 42 адамға көбейгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Жексенбіде Токиода күн сайын 4,295 адам індетке шалдыққан. Бұл алдыңғы аптаға қарағанда 5,6 пайызға көп.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Жапонияда күн сайын шамамен 17 900 адам коронавирус жұқтырады. Жалпыұлттық есеп бойынша сенбіге дейін екі күн қатарынан 20,000 -нан асып, рекордтық деңгейге жеткен.

Инфекцияның бұлай күрт өршуі дельта вирусының өте жұқпалы түрінің таралуы салдарынан болып отыр. Көптеген префектураларда аурухана төсектері науқастарға лық толы.


Соңғы жаңалықтар