Жапонияда круиз лайнерінің бортында тағы 10 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
ТОКИО. ҚазАқпарат - Йокогама портында карантинде тұрған круиз кемесінде тағы 10 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті. Олар Қытайдың Ухан қаласында шыққан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. Бұл туралы Kyodo агенттігі бейсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы деректер бойынша кемеде жалпы 20 адам вирус жұқтырған.
Еске сала кетсек, 2 666 жолаушысы және 1 045 экипаж мүшесі бар «Diamond Princess» круиз кемесі Гонконгтан шыққан 80 жасар жолаушыдан коронавирус табылғаннан кейін Канагава префектурасының астанасында айлақта карантинде тұр.