Жапонияда құс тұмауы шықты: 67 мың тауық жойылды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасының билігі жергілікті фермада құс тұмауының ошағы анықталғаннан кейін шамамен 67 мың тауықты сойды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда құс тұмауы шықты:  67 мың тауық жойылды

Тауықтардың жойылуы инфекцияның одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік бергені атап өтілді. Өйткені ауру ошағы анықталған ауданнан 3 км қашықтықта басқа шаруашылықтар аумағындағы құстарда індет белгілері анықталмаған.

15 қарашада құс тұмауы салдарынан оңтүстік-батыс Кагосима префектурасында 11 мың тауық, 17 қарашада Хиого префектурасында 155 мың тауық жойылды.