Жапонияда күші 5,4 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін жапондық Хонсю аралының солтүстік-шығыс бөлігінде қуаты 5,4 балдық жер сілкінісі болды.

Жапонияда күші 5,4 балдық жер сілкінісі болды

Қиратулар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Жапонияның Ұлттық метеорологиялық агенттігі цунами қаупі туралы жариялады, бірақ бірнеше минуттан кейін ескертуін жоққа шығарды.

Жерасты дүмпулердің кіндігі Тынық мұхиттағы Ибараки префектурасының жағалауына жақын жерде орналасты, ал зілзала ошағы - теңіз түбінен 20 шақырым тереңдікте. Дүмпулерді Жапонияның 12 перефектурасының, соның ішінде Токионың тұрғындары сезді.