Жапонияда күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Хонсю аралының солтүстік-шығыс жағында, 12 шілдеге қараған түнде тербелісі 6,8 балл жер сілкінісі болды, цунами қаупі жарияланды, деп хабарлады Би-би-си.

Жапонияда күшті жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Тынық мұхитта 10 шақырымдық тереңдікте болды. Дүмпулер 20-дан астам префектураларда, соның ішінде 2011 жылы жойқын цунамиден зардап шеккен Фукусимада сезілді.

Қазіргі кезде «Фукусима-1» АЭС-і жұмысындағы іркілістер туралы ақпарат түскен жоқ.