Жапонияда лай көшкінінен қайтыс болғандар саны 39 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Хиросима префектурасындағы лай көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті, деп хабарлады NHK.

Жапонияда лай көшкінінен қайтыс болғандар саны 39 адамға жетті

Бұған дейін 36 адам мерт болғаны айтылған болатын. Қаза тапқандар ішінде екі жасар бала мен 11, 16 жас аралығындағы жасөспірімдер бар. 7 адам із түзсіз жоғалып кеткендер қатарында.

Аймақтағы өрт сөндіру қызметінің мәліметіне сүйенсек, лай көшкінінен оннан аса тұрғын үй қираған. 65 мың адам эвакуацияланды. 1 400 тұрғын үй электр жарығынсыз қалып отыр.