Жапонияда маймыл шешегінен бірінші адам қайтыс болды

Жапония
Фото: Анадолы агенттігі

Жапонияда Токиоға жақын маңдағы Сайтама проефектурасында тұрған ер адам Mpox дертінен қаза тапты. Ол елде осы аурудан қайтыс болған алғашқы адам ретінде тіркелді. Бұл туралы Жапония денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Мекеме дерегі бойынша, ер адамда вирус жұқтыру салдарынан иммун тапшылығы болған. Оған қыркүйекте жергілікті ауруханада Mpox диагнозы қойылып, екі айдан кейін қайтыс болды. Науқас шетелге шықпаған. 

Mpox вирусын жұқтырған алғашқы адам Жапонияда 2022 жылдың шілдесінде тіркелген болатын. Министрліктің айтуынша, 2023 жылғы 3 желтоқсандағы жағдай бойынша елде осы ауруға шалдыққан 227 адам анықталған. 

Сырқаттан адамның дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, денесі бөртіп кетеді, ауыр белгілері екі-төрт аптаға дейін созылады. 

Биыл мамырда «маймыл шешегі» деген атпен танылған Mpox ауруын жұқтырған адамдар саны азайған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сондықтан бұл вирустың таралуы төтенше жағдайға жатпайды деп мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram