Жапонияда «Mitsubishi» зауытында жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Камису қаласындағы «Mitsubishi Gas Chemical Company» зауытында жарылыс болды, деп хабарлады russian.rt.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жұмылдырылды, деп хабарлады «RT» жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Кейбір дерек көздері улы газ тарауы ықтимал екенін хабарлап жатыр.