Жапонияда мысыққа арналған шарап шығарылды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Жапония дүкендерінің сөрелерінде мысықтарға арналған «Nyan Nyan Noveau» атауымен шарап пайда болды.

Жапонияда мысыққа арналған шарап шығарылды

Вино саудаға сыйымдылығы 180мл. бөтелке үшін 399 иен бағасымен түсті (шамамен 4 доллар). Оны жануарларға азық өндірумен айналысатын компания шығарған.

Мысыққа арналған шараптың құрамында алкоголь жоқ, деп жазады Lenta.ru. Ішімдік каберне жүзім сортына дәрумендер мен мысық жалбызынан (оның ішінде мысықтардың реакциясын шақыратын валерьянкаға ұқсас әрекет ететін эфир майы бар ) жасалған.