Жапонияда нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Тиба префектурасында жауған нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, 13 адам қаза тапты. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
NHK мәліметінше, Токионың шығысында орналасқан Тиба билігі өткен аптада өңірде жауын қатты жауғанын жариялады. Нөсер жаңбырдан кейін су тасқыны болып, 13 адам қаза тапқаны хабарланған. Тағы бір адам хабар-ошарсыз кеткен.
Сондай-ақ 66 үй зақымданған, ал 63 адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылған.
Билік жолдарда қалып қойған шамамен 2,5 мың көлікті эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Жапонияда нөсер жауын алты адамның өмірін қиғанын жаздық.