Жапонияда оқушылар виртуалдық мектепте білім алуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда N High School виртуалдық орта мектептің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
Ашылу рәсіміне мектептің бірінші курстағы 1 482 оқушысының 73-і қатысты. Токиода жүріп, олар виртуалдық жағдай көзілдіріктері арқылы Окинавада арада 1 500 шақырымдай қашықтықта орналасқан мектеп директорының сөзін естіп қана қоймай кампустағы барлық жағдайды көре және сезіне алды.
«Студенттер виртуалдық көзілдірік көмегімен Окинава атмосферасын сезіне алғанын қаладық. Біз техникалық білімге икемі бар студенттерді оқытуға тырысып отырмыз, сондықтан оларға виртуалдық жабдығын сынақтан өткізу мүмкіндігі берілді», - деп хабарлады Dwango Corp компаниясының баспасөз қызметкері Миса Нашимото.
Наурызда Kadokawa Dwango Corp медиахолдингі N High School - ІТ және медиатехнологияларды зертеуге арналған виртуалдық мектепті ашты.
Студенттер арнайы қосымшаның көмегімен барлық дерлік шараларға «қатысып», сыныптастарымен онлайн режимде әңгімелесе алады. Бұл оқу мекемесінде білім алудың құны жылына 900 доллар шамасында.