Жапонияда парламент сайлауы аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда парламенттің төменгі палатасына сайлау аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша, кешкі сағат 20:00-де 48 мың сайлау учаскесі жабылды.
None
None

475 орынға 1 мың 191 үміткер таласуда. Бұл 2 жыл бұрынғы сайлаудағы көрсеткішке қарағанда 300 адамға аз. Мамандар мұны Премьер-министр Синдзо Абэнің оппозиция үшін тосыннан парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуінен көріп отыр. Болжам бойынша сайлаушылардың шамамен 35%-ы ғана дауыс берген. Билік өкілдерінің айтуынша, сайлау барысында заңбұзушылық байқалған жоқ, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар