Жапонияда парламенттік сайлау өтіп жатыр
Оған 32 аймақтың барлық учаскесіндегі сайлау үйлері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден бастап ашылған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазірге дейін дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 22%-ы өз таңдауын жасап үлгерген.
Алдын ала сауалнама нәтижесі бойынша, жеңіске елдің премьер-министрі Синдзо Абэ жетекшілік ететін Либералды-демократиялық партиясы жетуі мүмкін. Ол партияның мүшелері төменгі палата депутаттарының 3/2-сін құрайды.
Енді олар осындай басымдыққа жоғарғы палатада да қол жеткізуді жоспарлап отыр. Жапонияда парламенттің жоғарғы палатасына депутаттар 6 жылға сайланады. Ал олардың жартысы үш жылдан кейін қайта сайлаудан өтеді. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі, Жапония 70 жылдан кейін дауыс беру жасын 20 жастан 18 жасқа өзгертті. Енді елдің 18-ге толған кез келген азаматы өз таңдауын жасай алады.