04:04, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Жапонияда піл зообақ қызметшісін құрбан етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы Adventure World танымал тематикалық демалыс саябағында піл зообақ қызметшісіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Киодо агенттігі.

Жануарлармен жұмыс маманы таиландтық Уичаи Мади әріптесімен бірге пілдерді шомылдыру үшін еден жуатын құралды алып, қамауға кіреді. Біршама уақыт өткен соң, жануар ашуланып, тұмсығымен арыбері сілкіленеді. Кейіннен зообақтың бір қызметшісін тұмсығымен темір қоршауға лақтырып жібереді. Содан соң піл оны бірнеше рет қамаудың ішінде сүйрелейді.
Оқиғадан кейін 37 жастағы Таиланд азаматы ауруханаға жеткізілді. Алайда, ол алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Жануардың осы әрекетін мал дәрігерлері анықтауда.