Жапонияда роботтардың үйлену тойы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарихта алғаш рет Жапонияда роботтардың үйлену тойы өтті. Бұл туралы Demotix порталы жазады. Фройс атты робот пен андроид-келін Юкирин отау тігіп отыр.
Салтанатты шараға роботтарды жасап шығарған Маява Денки қатысып, «бойжеткенді» күйеуге ұзатты, деп хабарлайды 24.kz. Үйлену тойы Токионың халық көп орналасқан ауданында өтті. Аталған шараға жиналған адамдар мен роботтардың санында шек болмады, деп жазады Газета.Ru.