Жапонияда Сакурадзим жанартауы оянды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Жапоняның оңтүстігіндегі Кюсю аралында осы мемлекеттегі ең белсенді жанартаулардың біріне жататын Сакурадзим оянды.
Елдің ұлттық метеорологиялық басқармасы хабарлағандай, түтін мен шаң-тозаң 4,5 шақырым биіктікке көтерілді.
Жапондық синоптиктердің деректеріне қарағанда, бұл - ағымдағы жылғы ең қуатты атқылау. Лавалардың төгілуі мен шаң-тозаң Ибусики қаласына қарай жақындап келеді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.