Жапонияда селфиге түсу үшін жалға берілетін достар қызметі пайда болды
Family Romance өкілдері бұл қызметтің әлеуметтік желілерде танымал болғысы жалғызбасты жандар арасында сұранысқа ие боларына сенімді. Family Romance «агенттер» деп атайтын актерлерді компания каталогынан таңдауға болады. Әр актердің қызметі $73 долларға бағаланады. Фотосессияның орташа уақыты екі сағат. Бұл уақытта клиент әртістермен бірге шектеусіз фотосуреттерге түсе алады және оларды кез келген әлеуметтік желіде жариялау құқығы бар. Көбірек лайк жинау үшін компания фотоларды Instagram, Facebook және Twitter желісіне жариялауға кеңес береді.
Компания қызметін пайдаланғандар сайтына жағымды пікір жазып үлгерді. «Мен Family Romance компаниясынан он актерді жалға алып, Токионың танымал қонақ үйінде туған күнімді тойладық. Түнгі қаланың көз тоймас көрінісіне қарап отырып, бір-екі бокал шарап іштік. Содан кейін нөмірге барып, тағы да іштік. Олар маған үлкен торт сыйлады, мен көп селфи жасадым», - деп жазды клиенттердің бірі.