Жапонияда сезімтал роботтың 1 мың данасы бір сағатқа жетпей сатылып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның «Softbank» телекоммуникациялық компаниясы эмоцияларды айырып тани алатын «Pepper» роботтарының 1 мың данасын бір сағат ішінде сатып жіберді. Тауардың бір данасы 213 мың 840 иен (шамамен 1.8 мың доллар) болды.

Жапонияда сезімтал роботтың 1 мың данасы бір сағатқа жетпей сатылып кетті

Робот сөйлеп, әңгімелесе алады. Адамның қас-қабағына қарап, оның көңіл күйін сезе алады. Бұдан басқа, «Pepper» ең қарапайым тапсырмаларды орындап, үй шаруасында көмектеседі, жалғызбасты адамдарға көмекші бола алады.

Инновациялық «ойыншықты» «Softbank» пен «Aldebaran Robotics SAS» бірге жасап шығарды, деп хабарлайды Росбалт.

Естеріңізге сала кетейік, мамандар қазірдің өзінде роботтардан жылына 8 млрд. доллар табатынын айтып отыр.