Жапонияда Симоэ жанартауы оянды
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияда жер сілкінуден және АЭС-тегі бірнеше жарылыстан кейін елдің оңтүстік-батысындағы Симоэ жанартауы оянды, деп хабарлады «Утро.ру» агенттігі.
Миядзаки префектурасында халықтың көшірілетіні жарияланды.
4 метрлік биіктікке дейін күл мен тас әуеге көтерілді. Мамандар жанартау белсенділігіне бес баллдық бағам бойынша үш баллдық қауіптілік санатын берді.