Жапонияда су тасқыны мен лай көшкінінен кемінде 42 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқыны мен лай көшкінінен кемінде 42 адам қаза тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының полиция өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, тағы 43 адамның тағдыры беймәлім. Қазіргі уақытта Хиросима ауданында шамамен 3 мың құтқарушы іздеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына өз қолғабыстарын тигізуде.

Су тасқыны салдарынан осы ауданда тұратын шамамен 100 мың адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар