Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапонияда су түбіне кеткен танкер жағаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда су түбіне кеткен 450 тонна улы сілті тиелген «Ёвамару» танкері жағаға жеткізіліп, химикаттар түсіріліп жатыр, деп хабарлады Киодо агенттігі.

Жапонияда су түбіне кеткен танкер жағаға жеткізілді

Агенттіктің хабарлауынша, танкер бортында 4 адам болған, олардың барлығы құтқарылды, ешкім зардап шеккен жоқ. Жанармайдың ағуы немесе химикаттардың қоршаған ортаға түсуі секілді оқиғалар болған жоқ.

Ұзындығы 50 метрге жететін «Ёвамару» бортында натрий гидроксиді - күйдіргіш сода атауымен танымал қатты улы сілті заты болған.

Танкер Жапонияның Ямагути префектурасындағы Токуямакудамацу портында тепе-теңдікті жоғалтқаннан суға батқан. Кеме корпусының көлбеу бұрышы 22 градусты құраған, демек танкердің толық суға кету қаупі болған.