Жапонияда суға батып кеткен 24 кеме табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық жағалау күзеті елдің батыс жағалауынан императорлық флоттың 24 сүңгуір қайығы батып кеткен жерді тапты. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
None
None

Kaiyo зерттеу кемесі шілде бойы Кюсюден батысқа қарай Шығыс-Қытай теңізінде орналасқан Гото (Нагасаки префектурасы) аралы ауданында гидролокатордың көмегімен өзен түбін зерттеді. Жапон мамандары 200 метр тереңдіктен 24 нысан тапты, олардың сыртқы келбеті су кемесіне ұқсайды. Батқан орын Фукуэ аралына жақын жерде.

Нысандардың ең үлкенінің ұзындығы 120 метрге жуық. Мамандар бұл - Екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең үлкен саналатын I-402 түріндегі «Сентоку» сүңгуір кемесі деп есептейді. Қалғандарының ұзындығы 45-тен 109 метрге дейін. Оларды 1946 жылы сәуірде АҚШ әскери қызметшілері батырып жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум