Жапонияда табиғи көкшіл түсті раушан гүлі сатыла бастайды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Жапония саудаға табиғи көкшіл түсті раушан гүлін шығаратын әлемдегі алғашқы ел болмақшы,

Жапонияда табиғи көкшіл түсті раушан гүлі сатыла бастайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Жапонияның Suntory компаниясы бұдан 20 жыл бұрын өсіруді қолға алған раушан гүлінің жаңа түрі дүкендерде 2009 жылғы қарашада сатыла бастайтынын жарялады. «Қошемет» деген атауға ие болған жаңа сұрыпты Жапонияның биологиялық қауіпсіздік жөніндегі үкіметтік комиссиясы мақұлдады.

Бір тал көкшіл түсті раушан гүлінің құны екі-үш мың иена (22-33 доллар) тұрады деп күтілуде. Ол кәдімгі үйреншікті түсті гүлге қарағанда шамамен 10 есе қымбат.