Жапонияда тағы бірнеше жер сілкінісі болды
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияның шығыс жағалауында бірнеше жер сілкінісі болды, ең қуатты жерасты дүмпуі 5,7 балды құрады, деп хабарлайды РБК АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.
Бұл 5,7 балдық жер сілкінісі Мәскеу уақыты бойынша сағат 02.38 тіркелді. Оның кіндігі Хонсю аралығындағы Мориока қаласының оңтүстік-шығысына қарай 142 шақырым жерде орналасқан. Ал дүмпу ошағы Тынық мұхиттың астында 25,3 шақырым тереңдікте болған.
Оған қоса Мәскеу уақыты бойынша сағат 02:03-де Жапонияның шығыс жағалауында 5,1 балдық тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Оның кіндігі де Тынық мұхитта, Иваки қаласынан 238 шақырым қашықтықта орналасқан, ал сағат 02:14-те Мориока қаласынан 280 шақырым жерде 5,1 балдық тағы бір жер сілкінісі болған.