Жапонияда тағы да жер сілкінді

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Жапонияда 6,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Жапонияда  тағы да жер сілкінді

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, зілзаланың кіндігі Хонсю аралындағы Хатинохе қаласының оңтүстік-шығысына қарай 88 шақырымдай жерде болған. Ал сілкініс ошағы 32 шақырым тереңдікте тіркелген.

Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге ешқандай мәлімет түскен жоқ. Біраз жапондық бұқаралық ақпарат құралдары Иватэ префектурасында цунами қаупі жарияланғанын хабарлап отыр.