Жапонияда тағы жер сілкінісі болды
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда тербелісі 7,1 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады ВВС телекомпаниясы.
Жапония өкіметі цунами ықтималдығы туралы ескертіп отыр. «Фукусима» атом-электр стансасынан барлық жұмысшылар қауіпсіз жерге көшірілді. Бұған дейін елде, осыдан бір ай бұрын болған зілзаладан зардап шеккен «Фукусима» АЭС-нің төңірегіндегі көшіру аумағының кеңейтілетіні жайлы хабарланған болатын.
Бүгін Жапонияда 11 наурызда болған зілзала мен цунами құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.