Жапонияда тайфуннан бір адам мерт болып, 86-сы зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда «Лан» жойқынды тайфунының салдарынан бір адам мерт болып, 86-сы жарақаттанды. NHK телеарнасы хабарлағандай, Фукуока қаласында 63 жастағы жергілікті тұрғынды  құрылыс нысаны айналасына орнатылған ағаш сатылар басып қалған.  Ел өңірлерінде адамдардың үстіне әртүрлі заттар, жарнама қалқандары, ағаштардың бұтақтары құлаған.
None
None

Сондай-ақ Вакаяма префектурасында үйі лай көшкіні салдарынан қираған 82 жастағы зейнеткер із-түзсіз жоғалды. Қатты дауыл мен толассыз жауған жауынға байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы мен әуе рейстері тоқтатылды.

Метеорологтардың атап өтуінше, тайфунның ошағы қазір Хонсю аралының солтүстік бөлігінде орналасып отыр.

Соңғы жаңалықтар