Жапонияда Токионың екі қосалқы қаласы анықталмақ
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда Токионың қосалқы қалалары пайда болуы мүмкін.
"Жапондық парламенттің бір топ депутаттары, тағы қатты жер сілкінісі бола қалған жағдайда, елорда міндетін Токиодан дереу көшіру үшін ең жоқ дегенде екі қосымша алаң құру туралы ұсыныс жасады", - деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Парламентшілер қазір ағымдағы жылдан бастап осындай екі әкімшілік қаланың құрылысына кірісуге мүмкіндік беретін заң жобаларын әзірлеуде.
Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда болған 9 балдық зілзаланың салдарынан Токиода көлік қозғалысы уақытша тоқырап, телефон байланысы үзілген болатын. Жер сілкінісінің кіндігі Токиодан 300 шақырымнан астам қашықтықта болғанына қарамастан, елордада сондай-ақ жарық сөніп, тұтынушылық тауарлардың жеткізілімі де кідірген еді.