Жапонияда толассыз жауған қар 115 адамның өмірін қиды

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қыс мезгілінің үш айы бойы дерлік Жапонияның барлық өңірінде рекордық көрсеткіште қар жауып, анықталған мәліметтер бойынша 115 адамның өмірін қиды.

Жапонияда толассыз жауған қар 115 адамның өмірін қиды

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігінен хабарлады.

Жапонияның орталық және оңтүстік өңірлерінде 26 жылдан кейін алғашқы рет 3 ай бойы ауа райының температурасы орта жылдық көрсеткіштен төмен болса, елдің солтүстік бөлігінде 11 жылдан кейін алғашқы рет ауа райының температурасы «төмен деңгейден» түсіп кетті.  

Аталмыш ел үшін ерекше болып табылатын - мол қар Токиода қыстың соңғы күнінде жауды. Оның салдарынан 40-тан астам адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың дені тайғанақ жолда құлап немесе жол-көлік апатына түскен.