Жапонияда толассыз жауған қардан көз жұмғандардың саны 100-ден асты

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы қыс мезгілінде Жапонияда толассыз жауған қардың салдарынан 103 адам көз жұмды, деп хабарланды өрт басқармасынан.

Жапонияда толассыз жауған қардан көз жұмғандардың саны 100-ден асты

Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында Жапонияда рекордтық көрсеткіште қар жауды, деп хабарланды Утро. ру газетінен.

Кейбір префекуталарда түскен қардың биіктігі 1,5-3 метрге дейін жетті. Бұл орташа нормадан екі-үш есеге артық.