Жапонияда толассыз жауған қардың кесірінен әуе рейстері шегерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда толассыз жауған қалың қардың кесірінен 60-қа жуық әуе сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Қыстың қытымыр мінезінен күншығыс елінің солтүстік және батыс аудандары аса қатты жапа шегіп отыр. Кейбір жерде қардың қалыңдығы 2 жарым метрге дейін жеткен. Ал синоптиктер болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы тәуліктерде қар тоқтамай жауады деп отыр.