Жапонияда «үлкен жетілік» саммиті басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің көшбасшылары бұл жолы Токиодан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 300 шақырым жердегі Миэ префектурасының Исэ-Сима ауданында өтетін жыл сайынғы кездесуін бастайды.

 Жапонияда «үлкен жетілік» саммиті басталады

Жапония премьері Синдзо Абэ нің төрағалығымен өтетін G7 саммитіне АҚШ көшбасшысы Барак Обама, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия президенті Ангела Меркель,Ұлыбритания басшысы Дэвид Кэмерон, Италия президенті Маттео Ренци және Канада президенті Джастин Трюдо қатысады. Күтіліп отырғандай, саммитте сондай-ақ Еуропалық одақ басшысы Дональд Тук пен Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер болады.

Жапондық БАҚ-тың мәліметтерінше, саммитті өткізу кезінде қауіпсіздікті 100 мыңға жуық полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Негізгі күштер Исэ-Симадағы нысандар мен көршілес Аити префектурасындағы Тюту әуежайына жіберіледі.

Көшбасшылардың кездесуі Касико аралындағы қонақжайда өтеді. Бірнеше күннен бері арал орналасқан Аго шығанағын теңізде патрульдік кемелер мен теңіздегі қауіпсіздік күштерінің жылдам жүретін кемелері күзетуде.