Жапонияда ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 маусым күні Жапонияның Хонсб аралындағы Тояма префектурасында Cessna-172 ұшағы жаттығу жүргізу барысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Japan Times басылымы.

Жапонияда ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ ауа райы қолайсыз кезде 2300 м биіктікте таулы жерге құлаған.

Қою тұманның салдарынан құтқарушылар апат болған жерге тек бір күн өткеннен кейін келген. Ұшақтың бортында төрт адам болған.

Оқиға орнынан құтқарушылар төрт адамның денесін тапты. Олар тікұшақпен эвакуацияланып, жергілікті госпитальге жеткізілді.