Жапонияда үшінші күн қатарынан коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

ТОКИО. KYODO NEWS – ҚазАқпарат – Сенбі күні Жапонияда бір күнде жаңа 1731 коронавирус жұқтырудың жағдайы тіркелді. Айта кетсек, рекордтық көрсеткіш үш күн қатарынан қайталанып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияда үшінші күн қатарынан коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Жергілікті билік органдары жариялаған деректерге қарағанда, жұма күні 1704 адам Covid-19 жұқтырған. Ал бейсенбі күні 1660 жағдай тіркелген. Сарапшылардың пікірінше, елде үшінші пандемия толқыны басталуы мүмкін.

Соңғы деректерге сәйкес, жалпы Жапония бойынша коронавирус індетіне шалдыққан адамдардың саны 117 800-ден асқан. 1900 адам қайтыс болды.