Жапонияда «Вифа» тайфунының құрбандары артып келеді
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Жапонияда «Вифа» тайфунының құрбандары 17-ге дейін жетіп, 40-тан астам адам із-түссіз жоғалғандар деп саналуда. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Опат болғандардың көпшілігі Токионың оңтүстігінде орналасқан Осима аралында тіркелуде. Бұл жерде ондаған үй жар көшкінінің астында көміліп қалған немесе өзен шайып кеткен.
Соңғы жылдардағы ең қуатты тайфун солтүстік-шығысқа қарай жылжып, су тасқындары мен көшкіндерді тудыруда.
Барша Жапония бойынша көлік қызметінің жүру тәртібі бұзылған көрінеді.
Сонымен қатар тайфуннан болатын қауіпті аймақ аумағына апатты «Фукусима» атом электр стансасы ауданының да ілігуінің мүмкіндігі жоққа шығарылмай отыр.
Стансаның операторы «Терсо» компаниясы су деңгейін төмендету үшін жауын-шашыннан жиналған суды сорғымен шағыруда.