Жапонияда вокзал бастығы қызметін атқарған мысықты жерледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда теміржол стансасының бастығына тағайындалғаннан кейін ұлтқа танымал болған вокзал бастығы қызметіндегі мысықты салтанатты түрде жерледі.

Жапонияда вокзал бастығы қызметін атқарған мысықты жерледі

Тама деген атқа ие болған мысық осыдан сегіз жыл бұрын Киси стансасына бастық болып тағайындалған еді.

Шинель мен фуражка киген ол бар уақытын бастықтың будкасында өткізді.

Сегіз жыл бұрын жергілікті темір жол банкротқа ұшырап, Киси стансасында бір де бір қызметкер қалмаған еді.

Тек Тама мысық станса бастығы болғаннан кейін мұнда келетін жолаушылар саны күрт артқан.

Мысықты жерлеуге келген компаниялар мен жергілікті билік өкілдері оған қалаға туристерді тартқаны үшін алғыстарын білдірді.

Станса бастығы қызметіне жаңа мысық тағайындалды, деп хабарлайды Би-би-си.