Жапонияда якудза өлім жазасына кесілді

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның мойнында үш адамның қаны болған. Сонымен қатар, Жапонияда тағы бір қанішер өлім жазасын алды. Ол такси жүргізушісі болып қызмет еткен.
Бұл 2012 жылғы желтоқсанда үкімет басына премьер-министрі Синдзо Абэ келгелі орындалып отырған 6-шы жағдай. Осы уақыт аралығында 11 адам жазаның ең ауыр түріне кесілді. Қазіргі уақытта осы елде тағы 125 адам өлім жазасына кесіліп, ажалын күтіп отыр. Жазалау кезінде негізінен дарға асу тәсілі қолданылады. Ереже бойынша, мұндай үкім шығарылғаннан кейін дереу жүзеге асырылмайды. Сотталған адам үкімін жылдар бойы күтіп, дәл дарға асылатын күні ғана білуі мүмкін.
Айта кетейік, халықаралық құқық қорғау ұйымдары Жапонияны бірнеше рет бұл жаза түрін алып тастауға шақырғанымен Токио оған жауап берген жоқ.
Өйткені, ел халқының 85 пайызы аса қауіпті қылмыскерлерге осы жазаны қолдануды құптайды.